Abstract:
Мақалада студент жастардың спортқа деген қызығушылығын арттыру мәселесі қарастырылған. Кіріспеде студенттердің спортқа деген қызығушылығы туралы жалпы түсінік береді. Әртүрлі әдебиеттерді талдау студенттердің оқу-тәрбие процесіне түрлі әдістерді, соның ішінде жастардың спортқа деген саналы қатынасына ықпал ететін мотивациялық - құндылық бағдарларды құру, теориялық сабақтарда қазіргі заманғы әлеуметтік-экономикалық жағдайларды ескере отырып оқыту, өз бетінше спортпен айналысуына мүмкіндік беру, спорттың жаңа түрлерімен таныстыру және студенттерді дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық шаралар мен жарыстарға қатысуға, ұйымдастыру мен өткізуге, жарыстарға төрелік етуге, нұсқаушы жұмысына тарту секілді шараларды енгізудің маңыздылығын көрсетеді. Зерттеу үшін соңғы ұсынылған іс-шара алынады. Зерттеу екі кезеңнен тұрады. Зерттеуге жарыстарға бару тәжірибесі бар 40 студент қатысты. Зерттеудің екі кезеңінің нәтижелері бойынша қорытындылар жасалады. Негізгі қорытынды: жарыстар оқу процесінде міндетті түрде қолданылуы тиіс, студент жастардың спортпен айналысуға деген қызығушылығын арттыратын маңызды мотивациялық фактор болып табылады. Жарыстар – бұл студенттерге тек оқу үрдісінің көмегімен қол жеткізе алмайтын мақсаттарға жету мүмкіндігі. Сонымен қатар, спорттық жарыстар студенттер үшін қызықты уақыт өткізу мүмкіндігі болып табылады.