Abstract:
Автор өзінің мақаласында білім алушылардың танымдық және тұлғалық дағдылары мен олардың өзін-өзі бағалаудың арасындағы байланыстарын өзектендіре, оның қазіргі күйдегі оқыту мазмұнының кемшіліктері аясында зерттеудің қайшылықтарын анықтаған. Зерттеудің мақсаты жоғары мектеп педагогикасы курсы бойынша магистранттардың болашақ оқытушы ретінде дайындауда, олардың танымдық және тұлғалық қасиеттерін дамытуды оқу үдерісінің басты құндылықтарына теңей отырып, оқыту мазмұнының құралдарымен өзін-өзі бағалау дағдыларын қалыптастырудың әдістемелік құралдарын тәжірибелеп зерттеген. Педагогикалық тәжірибе барысында білім алушылардың оқу үдерісіне зейіндерін шоғырландыру мен танымдық іс-әрекеттерін белсендендіруге шағын жаттығулардың жүйесін тақырыптар мазмұнына сәйкес дайындаған. Тәжірибелік сабақтарда интерактивтік әдістерді қолдана, білім алушылардың танымдық және тұлғалық дағдыларын дамытудың оқыту мазмұнын құрағап тексерген. Осы дағдылар түрін дамытуға ықпал етудің алғышарты ретінде білім алушылардың өзін-өзі бағалау дағдыларын қалыптастыруды алға тартып, кері және рефлексия әдістерінің түрлі тәсілдерін қолданудың тиімділігін анықтаған. Соның нәтижесінде, білім алушылардың орнықты және тұрақты бағалау құндылығын қалыптастыруға мүмкіндік алған, Ол дағдылардың ықпалы танымдық және тұлғалық қасиеттерің мен дағдылардың да дамуына негіз болуын тәжірибе кезіндегі білім алушылардың өзін-өзі бағалаумен жауап берген сауалнаманың және академиялық бақылаудан кәсіби-педагогикалық құзыреттерінің жақсару деңгейлерімен түсіндірген.