Abstract:
Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру кез келген елдің әлеуметтік-экономикалық жүйесінің өмірлік қажеттілігі болып табылады, өйткені халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету ауыл шаруашылығы саласының алдында тұрған маңызды міндеттердің бірі болып табылады, сонымен бірге өнеркәсіпті шикізатпен қамтамасыз ету елдің стратегиялық шараларының бірі болып табылады [1, 2]. Бұл мәселені шешу, бір жағынан, ұлттық экономиканың қалыпты жұмыс істеуінің қажетті шарты, ал екінші жағынан, қазіргі уақытта ауылшаруашылығы өндірісін тұрақтандырудағы өте маңызды мәселе болып табылады [3, 4].