Abstract:
Агроөнеркәсіп кешенін жеделдетіп дамыту міндетін орындауда Қазақстан Республикасында қазіргі экономикалық жағдайында өндіріс процесі аймақтың табиғи-экономикалық ерекшеліктеріне қарай қайтадан құрылуды. Ұдайы өндірістің басты шарты қоғамға пайдалы өнім өндірісін қамтамасыз ету. Агроөнеркәсіп кешені қоғамдық шаруашылықтың басты саласы, оны табысты салаға айналдыру арқылы халық шаруашылығын арттыруға болады. Агроөнеркәсіп кешені арқылы елді азық-түлікпен қамтамасыз ете отырып, ауыл шаруашылығының өнімдерін экспортқа шығару а арналарын да кеңейту қажет. Еліміздің мал шаруашылығында қой шаруашылығы басты саланың бірі саналады. Бұл салада елімізде мал басын асылдандыру, өнімін шет мемлекеттерге экспорттау енді жолға қойылып келеді. Бұл тек ет шаруашылығын арттырып қоймай, жалпы ел экономикасының артуына ықпал жасайды.