Abstract:
Берілген мақалада жасанды интеллект, заттар интернеті және киберфизикалық жүйелері мәселесі қарастырылып, олардың арасындағы байланысы ұсынылған. Интернеттің жұмыс істеуі тұрақты түрде компьютер интернетінен (IoC) «Заттар интернетіне» (IoT) айнала бастады. Сонымен қатар, киберфизикалық жүйелер (CPSs) деп те аталатын жаппай өзара байланысты жүйелер инфрақұрылым, кіріктірілген құрылғылар, интеллектуалды нысандар, адамдар және физикалық орта сияқты көптеген аспектілердің ықпалынан туындайды. «Мәліметтер туралы ғылыммен» байланысты IoT және CPS келесі «ақылды революция» болуы мүмкін. Содан кейін туындайтын мәселе – қолданыстағы өңдеу қуаты әлдеқайда аз болатын үлкен мәліметтерді өңдеу. Мәліметтер туралы ғылым мен жасанды интеллект (AI) саласындағы зерттеулер бұл мәселеге жауап беруге бағытталған