Abstract:
Мақалады «эмоция» ұғымы анықталып, ғалымдар еңбектері негізінде негізгі эмоциялар қарастырылады. Бет әлпетінің деректер қоры мен бет әлпетіндегі эмоцияларды тану әдістеріне аналитикалық шолу беріледі, оған алдын ала өңдеу, ерекшеліктерді шығару және жіктеу сияқты кескінді талдаудың үш негізгі кезеңі кіреді. Нейрондық желілерді пайдалана отырып, терең оқытуға негізделген, классикалық, сөйлеуді бағалау тәсілдері ұсынылады, оларға салыстырмалы талдау жасалады. Көптеген эксперименттерге қарамастан, бет әлпетін тану алгоритмдерінің дәлдігі әртүрлі параметрлер үшін әлі де жеткілікті жоғары емес, сондықтан әмбебап алгоритмді құру міндеті өзекті екені көрсетіледі.