Abstract:
Мақалада кен орнын игеруде қолданатын қарнақтық және металлрамалы, құрама бекітпелер мен бекіту кезіндегі шақтылық бақылаулар мен ғылыми зерттеулер қа-растырылады. Қарағанды көмір бассейніндегі қолданыстағы бектітпенің тиімділігі мен тазалау жұмыстары әсер ететін аймақтың шектеулері айтылады. Жарықшақтықтың тау жынысының беріктігіне әсерін және тау қысымдарын есептеу кезінде ең басты факторлардың бірі екендігі айқындалған. Қазбалардың төбесіндегі тау жынысының беріктігі иілу деформациясына тұрақтылығы мен беріктілігі негізгі факторлардың бірі болып табылады. Тек қана қарнақ бекітпесі бүкіл қызмет ету мерзімі ішінде олардың тұрақты күйін қамтамасыз етпейтін қазбаларда қарнақтық бекітпесін рамалық бекітпенің әдеттегі түрлерімен бірге қолдану өте тиімді болып табылады.