Abstract:
Мақалада SMART жүйесі туралы мағлұмат беріліп, жаңа технологияның мүмкіншіліктері мен артықшылықтарына тоқталып, жалпы техникалық пәндерде осы технологияның қолдану аясы жайында айтылады. Қазіргі қоғам – ақпараттандырылған. Ол байланыс техникасы мен ақпараттық құралдардың дамуымен көрініс алып отыр. Айналамыздағы заттар мен құрылғылар біздің өмірімізді жайлы қылып, қауіпсіз және қызықты етеді. Қазіргі уақытта қоғамды ақпараттандыру деңгейі өсті, атап айтсақ, ақпарат пен ақпараттық технологиялар қол жетімді болды. Ал ақпаратқа қол жетімділік коммуникация деңгейін арттырады және жаһандық ақпараттық, соның ішінде білім беру ортасын құруға әкеледі. SMART оқыту жүйесін барлық пәндерді оқытуда қолдануға болады. Соның ішінде жалпы техникалық пәндерді оқытуда қолданылса сапалы білім беруге, оқытушы қызметіне пайдалы, әрі тиімді болар еді. Пәнді оқытуда SMART технологияны қолдану білім алушылардың әртүрлі ақпарат құрылғыларын (гаджеттер, смартфондар, планшеттер және тағы басқа құрылғылар) пайдалана отырып, білімдерін жетілдіруге, ізденуге қызығушылықтарын тудырады, итеграцияланған интеллектуалды виртуалды оқыту ортасын қалыптастырады.