Abstract:
Бұл мақалада VR және AR виртуальды шынайлықты оқыту үрдісіндегі ерекшеліктерін қарастырамыз. Виртуалды және кеңейтілген шындық (VR және AR) – бұл заманауи және жылдам дамып келе жатқан технологиялар болып табылады. Қазіргі әлемді электронды құрылғыларсыз елестету қиын, сондықтан білім беру ойындары білім алушыларға жаңа білім беріп қана қоймай, оларды өз пәнімен баурап алуға тырысатын оқытушылар үшін оқу бағдарламасында маңызды рөл атқарады. Дегенмен, компьютерлік оқыту ойындарын құру оқытуды компьютерлендірудің негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Жаңа білім беру технологияларының бірі виртуалды шындық, блокчейн, жасанды интеллект және т. б. Жоғары оқу орындарында виртуалды шындықты оқыту оқу үрдісіне тікелей қолдана алуға мүмкіндік туады.