Abstract:
Осы күндері шошқа шаруашылығында құрғақ сусымалы жемді таратуға өзекшесіз шиыршықты құрылғылар мен теңселмелі тасымалдығыштарды қолдануға болады. Бірақ, шиыршықты тасымалдағыштың тасымалдау қабілеттілігі мен қолдану жағдайын сараптау негізінде оның жоғары өнімділігі уақыт бойынша пайдалану көрсеткішін төмендететіні және жоғары күрделі шығындары қосылған жағдайы ұзағырақ, күрделі салымдары төменірек, өнімділігі төмендеу жұмыс мүшелерін қолданғанда мүмкін боларлық экономикалық шығындарын жабатыны анықталған. Бұған балама амал ретінде теңселмелі тасымалдағыш құрылымдық-технологиялық сұлбасы қаралады.