Abstract:
Ауылшаруашылық ғылымы дамуының қазіргі кезеңінде геномдық селекция жануарлардың асыл тұқымдық қасиеттерін бағалаудың тиімді және өзекті, сонымен қатар жаңашыл және сенімді әдісі болып табылады. Геномдық бағалауда ДНҚ чиптерін қолданудағы айқын жетістіктеріне қарамастан, әртүрлі тұқым өкілдерінде бірдей SNP фенотиптік әсерлердің механизмдерін толық түсінуде күрделі мәселелер бар. Сондықтан әртүрлі тұқымдардағы SNP-дің фенотиптік әсерін анықтауға және сипаттауға бағытталған зерттеулер қызығушылық тудырады. Жұмыста қазақтың ақбас және әулиекөл тұқымдарында бірдей фенотиптік әсерлері бар QTL-ассоциацияланған SNP-ларды толық геномдық зерттеу нәтижелері берілген. Қазақтың ақбас және әулиекөл тұқымдарына тән фенотиптік әсерлері бар QTL-ассоциацияланған SNP іздеуге арналған «тиімді нүктелерді» мына аумақтар деп санауға болатыны анықталды: 3:27226923-80583890, 5:10025373-46,6369:49. 24247306-60786013, 14:419090-70261140 және 24:55640220-85901225. Екі тұқымға ортақ QTL-ассоциацияланған SNP бар кандидат гендер негізінен тіндердің барлық түрлерінде таралатын және жалпы дененің метаболизмі мен физиологиялық процестеріне қатысатын жасушаішілік ақуыздарды кодтайды. Қазақтың ақбас және әулиекөл тұқымдары үшін бір мезгілде QTL-ассоциацияланған 479 полиморфизм анықталды (тірі туу массасы бойынша 161, 224, 10 және 84, төлді бөлу кезінде, 12 айлық және орташа тәуліктік өсім, тиісінше).