Abstract:
Мақалада қазіргі таңда көптеген шетелдік балық шаруашылықтарында қолдан өсірілетін, экономикалық жағынан тиімді, сыртқы орта жағдайының өзгерісіне төзімді, өндіргіштігі жоғары кларий жайындарын (Clarias gariepinus) көбейту әдісі туралы қарастырылады. Кларий жайындарын (Clarias gariepinus) жасанды орта жағдайында жыныс өнімдерін ынталандыру үшін гормональдық препараттың аналогтық түрін қолданып тәжірибе жүргізілді. Зерттеу жұмыстары «Ихтиология және аквакультура» зертхана базасындағы тұйық жүйелі сумен қамтамасыз ету қондырғыларында (ТЖСҚЕҚ) ұсталатын кларий жайындарының (Clarias gariepinus) 3 жастағы жұмысшы аналық топтарына жүргізілді.