Abstract:
Қазіргі әлемде жер учаскелеріне иелік ету байлықтың символы болып табылады, сондықтан аймақтарда, жекелеген субъектілерде жер қатынастары саласын дамыту, тиімділігін қамтамасыз ету қажет. Ол жер нарығының жұмыс істеу тиімділігіне өзара әсер етеді. Жер нарығын дамытудағы экономикалық реттеу тетігі мемлекеттің жер ресурстарын басқаруға қатысты саяси қимылдарын іске асыруға, жер иелерінің құқықтарын қамтамасыз етуге, жер учаскелері үшін тиімді төлемдерді белгілеуге ұтымды жəне тиімді жер пайдалануды экономикалық ынталандыруға бағытталады Алқаптардың экологиялық жай-күйінің бүлінуінен қорғауға экономикалық санкциялар енгізуге және ауылшаруашылығы алқаптары ауылшаруашылығы емес мақсаттарға қолданылған кезде олар үшін шығынды өтеуге бағытталған бағытталған экономикалық іс-қимыл шаралары жүйесі ретінде сипатталады.