Abstract:
Мақалада өсімдік компонентін қолдану арқылы туралған жартылай ет фабрикаттарының тағамдық құндылығын арттыру көзделген. Туралған жартылай ет фабрикаттарының ассортименті қазіргі заманғы нарықта ұсынылып отыр және тұтынушылардың ет өнімдеріне деген қажеттілігін қамтамасыз етеді. Күнделікті азық-түлік тұтыну көрсеткіші бойынша адам ағзасысына қажетті дәруменді минаралды компоненттердің барлығы жеткілікті мөлшерде түсе бермейді. Яғни, туралған жартылай ет фабрикаттарын өндіру негізі болып – еттің құрамында кездеспейтін пайдалы дәруменді – минералды қосылысты өсімдік компоненттерінде кездесетін қосылыспен байланыстырып, туралған жартылай ет фабрикаттарының микробиологиялық, органолептикалық және тағамдық, биологиялық құндылықтарымен байыту. Көп компонентті ет өнімінің бұл түрі адам ағзасының синтезі мен метаболизмі үшін, тіндердің құрылысы үшін қажет. Өсімдік компоненті ретінде алынған негізгі шикізат – бұршақ ұны пайдалы макрожәне микроэлементтер мен дәрумендердің қайнар көзі болып табылады. Қарастырылған ғылыми мақалалар және жүргізілген ғылыми зерттеулер, сонымен қатар ғылыми – деректерді қолдана отырып, ет шикізаты мен өсімдік шикізатын бірге қолдану – адам ағзасына пайдалы және қауіпсіз екендігін дәлелдеу болып табылады.