Abstract:
Жайылымдық жерлерді ұзақ уақыт бойы қарқынды пайдалану жердің бүлінуі (деградация) сияқты жағымсыз құбылыстардың пайда болуына ықпал етеді. Қазіргі уақытта құнарлылығы табиғи жолмен емес, антропогендік факторлардың әсерінен төмендеген жерлерді бүлінген топырақтарға жатқызу керек деп саналады. Бүгінгі таңда табиғи ландшафтарға басып кіріп, олардың сыртқы түрін, құрылымын өзгертетін, сол арқылы антропогендік ландшафтарды қалыптастыратын адам әрекетімен байланысты бүлінуге әкеліп соқтырған құбылыстар ең белсенді түрде зерттелуде.