Abstract:
Елімізде биыл 15 ақпаннан бастап бір жыл ішінде 1 815 бас киікті ғылыми мақсатта аулап, ұстауға рұқсат беріледі. Бұған кейбір экологиялық ұйымдар наразылық білдіріп жатыр. Алайда, ғалым-мамандардың айтуынша, алаңдауға еш негіз жоқ. Қоғамда қайтадан көтеріле бастаған мәселеге байланысты Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің ғылыми жұмыстар бойынша проректоры, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты Әлжан Шәмшідін түсініктеме берді.