DSpace Repository

Жасанды орта жағдайында өсірілетін бекіретұқымдастарының морфофизиологиялық көрсеткіштері

Show simple item record

dc.contributor.author Габдуллина, А. Т.
dc.contributor.author Гинаятов, Н. С.
dc.contributor.author Шукуров, М. Ж.
dc.contributor.author Сариев, Б. Т.
dc.contributor.author Альбеков, А. А.
dc.date.accessioned 2023-02-06T04:59:35Z
dc.date.available 2023-02-06T04:59:35Z
dc.date.issued 2022
dc.identifier.issn 2305-9397
dc.identifier.uri http://hdl.handle.net/123456789/2470
dc.description.abstract Зерттеудің мақсаты Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің «Аквакультура және ихтиология» зертхана базасында орналасқан жасанды жағдайдағы тұйық жүйелі сумен қамтамасыз ету қондырғыларында (ТЖСҚЕҚ) орыс бекіресінің (Acipenser gueldenstaedtii), сібір бекіресінің (Acipenser baerii) және пілмайдың (Acipenser nudiventris Lovetsky) жұмысшы-аналық табындарын (ЖАТ) қолдан көбейту үшін балықтардан балық шаруашылық көрсеткіштері мен қан құрамына зерттеулер жүргізу болып табылады. ТЖСҚЕҚ-ларындағы су сапасына баға берілді: гидрохимиялық, температуралық және оттегі режимдері. Су температурасы 20– 23 0С, суда еріген оттегі 7,0 – 8,5 мг/л. Дене ұзындығы бойынша орыс бекіресі пілмайдан 2,4 см-ге және сібір бекіресінен 2,5 см-ге ұзын. Салмағы бойынша орыс бекіресі 0,150-0,300 кг аралығында басқа түрлерден басымдық көрсетті. Бірақ қоңдылық коэффициенті бойынша сібір бекіресі пілмайдан да орыс бекіресінен де 4,4 %-ға жоғары болды. Сібір бекіресінің гемоглобин концентрациясы салыстырмалы түрде орыс бекіресінен 3,4%-ға, пілмайдан 20 %-ға жоғары. Сарысудағы ақуыз көрсеткіші орыс бекіресінен пілмайда 1,3 %-ға, сібір бекіресінде 6,1 %-ға төмен. Ал глюкоза көрсеткіші орыс бекіресінде және пілмайда бірдей. Сібір бекіресінде бұл көрсеткіш 11 %-ға жоғары. Холестерин көрсеткіші пілмай мен орыс бекіресінде салыстырмалы түрде шамалас, ал сібір бекіресінде 12,5-13 %-ға екеуінен де жоғары жоғары. Липид барлық балық түрлерінде де салыстырмалы жағдайда теңестіріліп сақталған. Осыған дейінгі зерттеулер көрсеткендей, бекіретұқымдастарының көпшілік түрлері қолдан өсіріп-көбейтуге тез бейімделгіш және сапалы, тірі қалу көрсеткіші жоғары ұрпақ беретін аналықтары мен аталықтарының үйірлерін қалыптастыруға болады. ru
dc.language.iso other ru
dc.publisher Ғылым және білім=Наука и образование=Science and education - № 4-3 (69) ru
dc.subject ғылыми журнал ru
dc.subject отандық басылым ru
dc.subject мерзімдік басылым ru
dc.subject журнал коксон ru
dc.subject ринц ru
dc.subject балық шаруашылығы ru
dc.subject бекіре балықтары ru
dc.subject пілмай ru
dc.subject орыс бекіресі ru
dc.subject сібір бекіресі ru
dc.title Жасанды орта жағдайында өсірілетін бекіретұқымдастарының морфофизиологиялық көрсеткіштері ru
dc.type Article ru


Files in this item

This item appears in the following Collection(s)

Show simple item record

Search DSpace


Browse

My Account