Abstract:
Батыс Қазақстанның ауылшаруашылығы дақылдарының егістерінде жылдан жылға зиянды арамшөптердің саны артып келеді: жатаған бидайық, егіс қалуені, кәдімгі қарасұлы, мысық құйрық және т.б. Агрофитоценоздардың фитосанитарлық жағдайының нашарлауына әкелген себептердің жиынтығына тыңайған жерлер алқаптарының ұлғаюы, егіс алқаптарының ғылыми негізделген құрылымынан ауытқуы және соның салдарынан ауыспалы егістердің сақталмауы жатады.