Abstract:
АӨК дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының аграрлық секторында елдің азық-тҥлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету ҥшін "экономика драйвері" ретінде мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру басым бағыттардың бірі болып табылады. Ауыл шаруашылығы өндірісінің маңызды буыны ретінде өсімдік шаруашылығын неғұрлым жоғары деңгейге шығару үшін органикалық егіншіліктің амалдарын қолдану және ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру аймағының жағдайларына экологиялық икемді дақылдарды таңдау арқылы өсімдік шаруашылығын одан әрі әртараптандыру қажет