Abstract:
Қазіргі жылқы еті өндірісін жан-жақты сипаттай отырып, еліміздің көптеген шаруашылықтарында жылқы шаруашылығы резервтері әлі де толық пайдаланылмай келетінін байқауға болады. Жылқы еті өндірісінің басты резервтерінің бірі – жылқыларды тудырып, көбейту болып табылады. Көптеген жылқы шаруашылықтарында 100 биеден құлын алу үлесі 45-50% - дан аспайтынын кӛріп келеміз. Бұл өте төмен көрсеткіш. Сондықтан, көбеюге жарамды биелер мен айғырлар үлесін арттыру қажет.