Abstract:
"Дискретті математика" оқу құралы 6В05100–"Ақпараттық жүйелер мен технологиялар" және 6В07107–"Робототехникалық жүйелер" білім беру бағдарламаларының 1 курс студенттеріне арналған. Компьютерлік технология саласының маманына математикалық білім беруде математиканың бір саласы ретінде дискретті математиканың ғылыми-әдістемелік маңызы зор. Оқу құралы анықтамалар мен негізгі математикалық түсініктерден тұратын қажетті теориялық ақпаратты береді, түсінікті болу үшін иллюстрациялармен көрсетілген типтік есептерді қамтиды және оларды шешу әдістерін егжей-тегжейлі қарастырады. Өзіндік жұмысқа тапсырмалар ұсынылады. Оқу құралын жоғары оқу орындары мен колледж студенттерінің және мектеп оқушылары мен мұғалімдерініңде әдістемелік құрал ретінде пайдалануларына болады.