Abstract:
Мақалада Батыс Қазақстан облысындағы шетелден әкелінетін жануарлардың жұқпалы ауруларына мониторингтік зерттеулердің материалдары берілген. Батыс өңірінде және облыс орталығының аумағында тіркелген жіті жұқпалы аурулардың (құтырық, қарасан, пастереллез, брадзот, сальмонеллез, аусыл және т.б.) эпизоотиялық ошақтары бойынша графикалық мәліметтер құрастырылды. Батыс Қазақстан облысындағы етті мал шаруашылығының климаттық белдеуіндегі жануарлардың жұқпалы ауруларына эпизоотиялық зерттеудің талдау деректері келтірілген.