Abstract:
Мақалада ақжайық етті-жүнді тұқымы қойларының псороптозына қарсы әртүрлі препараттарды салыстырмалы түрде қолдану нәтижелері берілген. Зерттеу нәтижелері бойынша препараттарды бұлшықетке және де тері астына енгізу кезінде де барлық қолданылған препараттар ішінен жаңа Мерадок препараты бір иньекция арқылы 100% терапиялық тиімділік көрсетті.