Abstract:
«Қазақ бактриан тұқымы түйелерінің шаруашылыққа пайдалы белгілерінің көрсеткіштерін зерттеу» ғылыми мақаласында түйелердің ет, сүт өнімдері көрсеткіштері зерттеу жұмыстары көрсетілген. Жұмыста түйелердің шаруашылық-биологиялық ерекшеліктері, Қазақстандағы түйе популяциясының қазіргі жағдайы, қазақ бактриан тұқымына сипаттама берілген.