Abstract:
Бұл мақалада әр түрлі жануарлардағы жыныстық мінез-құлық ерекшеліктеріне сипаттама берілген. Жануарлардағы жыныстық мінез-құлықтарын білу ветеринарияда және мал шаруашылығында үлкен маңызға ие. Жыныстық мінез-құлқы арқылы жануарлардың көбеюін реттеуге болады. Әсіресе жыныстық рефлекстің рөлі сөзсіз. Оның көрінісі дененің нейрогормональды күйімен және қоршаған орта факторларымен байланысты болып келеді.