Abstract:
Қазіргі таңда ұстаз алдындағы басты міндет ұлтын құрметтей білетін, дүниежүзілік мәдениетті танитын, рухани дүниесі бай, елін өркендетер, интеллектуалдық өрісі кең, білімді, жан-жақты ақпараттандырылған заман талабына сай белсенді ұрпақ тәрбиелеу. Қазіргі заманда елдің бәсекеге қабілеттілігі оның азаматтарының прасаттылығымен анықталады, сондықтан білім беру жүйесі болашақтың талабына сәйкес дамуы тиіс. Мақалада сабақтарда белсенді әдістерді қолдану арқылы білім алушылардың танымдық қызығушылығымен қатар мазмұндық, іс-әрекеттік, ұйымдастырушылық – әдістемелік қызығушылықтарын белсендіру жарияланған.