| dc.description.abstract |
Мақалада Батыс Қазақстан облысындағы суармалы жерлердің қазіргі қолданысы қарастырылған. Суармалы жерлердің әлеуетін толық пайдаланбай ауыл шаруашылық өндірісін, әсіресе мал шаруашылығын күшейту мүмкін емес. Суармалы жерлер – мол өнім кепілі. Жер суарумен айналысу құрғақшылықтан құтқарады, дақылдардан жылма-жыл тұрақты өнім алуға қол жеткізеді. Қазіргі таңда тұрақты суаруды пайдалану максималды түрде азайтылған, себебі өз құнын ақтай алмайды. Осыған орай салынған көлтабандап суару жүйелері жерлерді суарудың бірден-бір әдісі және мал азықтық дақылдардан жоғары өнім алу құралы. |
ru |