Abstract:
Қазақстанның солтүстігі мен шығысында сабақ татының дамуы жыл сайын орын алады. Сабақ тат ауруынан бидай өнімділігін сақтап қалуда егістік алқаптарына дер кезінде фитосанитарлық мониторинг жүргізу, экологиялық таза, экономикалық тұрғыдан тиімді, әрі төзімділігі жоғары сорттарды шығару және оларды өндіріске енгізу сияқты шаралардың маңызы өте зор.