DSpace Repository

Қой ценурозының клиникалық анатомиялық көрінуі

Show simple item record

dc.contributor.author Мауланов, А. З.
dc.contributor.author Кузембекова, Г. Б.
dc.contributor.author Амиргалиева, С. С.
dc.contributor.author Валиева, Ж. М.
dc.date.accessioned 2021-09-07T12:24:20Z
dc.date.available 2021-09-07T12:24:20Z
dc.date.issued 2021
dc.identifier.issn 2305-9397
dc.identifier.uri http://hdl.handle.net/123456789/1842
dc.description.abstract Мақалада табиғи жағдайда туындаған қой ценурозының клиникалық көріну белгілері, сонымен қатар мида және ішкі мүшелерде дамыған патологиялық анатомиялық өзгерістері берілген. Ценуроздың клиникалық белгілері аурудың жіті және созылмалы өтуіне қарай әрқалай болатыны, сонымен қатар ценур көпіршіктері басым түрде мидің оң жақ бөлігінде орналасатыны анықталған. Аурудың клиникалық белгілері, көпіршіктің мидың қай бөлігінде орналасуына және мидың зақымдану дәрежесіне тікелей байланысты екені анықталды. Ауру жіті түрде өткенде, ауру аяқ астынан басталған, малдың дене қызуы 410С-қа дейін көтерілген, басын төмен салбыратып, кедергілерге басын тіреген, кейде ауырған мал беталды қозғала берген, көздері бақырайып, үрейленіп қорқыныш сезімі пайда болған, үнемі алға қарай қозғалып кедергілерге соқтығысқан. Көз коньюнктивалары қызарып, қабағы ісінген, мұрнынан созылғыш сұрғылттау түсті қою сұйық аққаны байқалған. Мұрынның кілегейлі қабықтары диффузды түрде қызарып ісінген. Тыныстануы жиілеген. Осы клиникалық белгілеріне қарап, көп жағдайда шаруашылық малдәрігерлері пастереллезге қарсы емдік шараларын жүргізген. Бірақ, емдік шаралар тиімді болмай, ауырған малдар бірнеше күндерден кейін өлім-жітімге ұшыраған. Ценуроздың жіті түрімен ауыр ған қойларды сойып зерттегенде, олардың қоңдылығы орта және ортадан жоғары күйде болғаны анықталды. Көзге ілігерлік кілегейлі қабықтар ақшыл сұрғылт түсті күйде болды. Беткейлі лимфалық түйіндердің көлемі ұлғайма- ған, консистенциясы қаттылау, тілік бетінің суреті сақталған.Тері асты шелі майы азайған және қантамырлары шамалы қанға толған. Ми сауытын ашып қарағанда, ауруға тән ценурлік көпіршіктер байқалмады. Бірақ, мидың жұм сақ қабығының қан тамырлары қанға шамадан тыс толғаны, ұсақ нүктелі қанталаулардың пайда болғаны және оның домбыққаны байқалды. Ми затын тіліп қарағанда, оның қарыншаларында сұрғылт түсті сұйықтың шамадан тыс мол жиналғаны анықталды. Сонымен қатар, мидың сұр қабатына еніп орна ласқан сарғыштау түсті, ирелеңдеп орналасқан ұзындығы 6-8 мм-дей бола тын жіпше тәрізді іздер байқалды. ru
dc.language.iso other ru
dc.publisher Ғылым және білім. - 2021. ru
dc.subject отандық басылым ru
dc.subject мерзімді басылым ru
dc.subject ғылыми журнал ru
dc.subject қой ценурозы ru
dc.subject мал дәрігерлігі ru
dc.title Қой ценурозының клиникалық анатомиялық көрінуі ru
dc.type Article ru


Files in this item

This item appears in the following Collection(s)

Show simple item record

Search DSpace


Browse

My Account