Abstract:
Мақалада құрғақ шашыранды азық қоспаларының араластырғышының құрлымы қарастырылып, қоспаны дайындау ұзақтығы теориялық тұрғыда негізделген, қоспаның сапа көрсеткіштеріне араластыру уақытының әсерінің эксперименталды зерттеу нәтижелері берілген, жұмыс органдарының айналу жиілігімен және араластыру-тасымалдау қалақтарының орналастыру бұрышының өзгеруі кезінде. Экспериментті графиктерді талдағаннан кейін, авторлар келесі тұжырымдамаға келген: 180 секундтан кейін араластыруды бастағаннан соң, қоспаның әртектілігі 17%-дан 27%-ға дейін құраған. Қоспаның ең жоғарғы сапасы 360 секундтан кейін араластыруды бастағаннан соң n=54 мин-1 және α=70º- кезінде іске асырылған және 9%-ға дейін болған, ең көп әртектілік араластыру аяғында 20%-ды құраған. Сонымен, жұмыс органдарының айналу жиілігінің мәні және шнекті-қалақты араластырғыштың араластыру-тасымалдау қалақтарының орнату бұрыштарының қаралған аралықтарында бункердің толу коэффициенті 0,3 кезінде қоспаның үлкен оңтайлы сапасы n=54 мин-1 және α=70º-та болатындылығы дәлелденген.