Abstract:
Қазіргі таңда ғалымдардың зерттеулері бойынша топырақтардағы қарашірінді мөлшері 20-25 %-ға кеміп кеткен. Бүгінде Қармақшы ауданының топырағы әлі де толық зерттелмеген. Қармақшы ауданының топырақ экологиясын зерттеу-кезегін күтіп тұрған мәселе. Мақалада кафедра жанынан ашылған «Табиғат жанаршырлары»үйірмесінің 2 курс студентінің Қармақшы ауданы және көршілес жатқан Байқоңыр ғарыш айлағы маңынан алынған топырақ үлгілеріне жасаған химиялық талдауы және топырақтың жалпы экологиялық жағдайы берілген.