Abstract:
Бұл мақалада жоғары сұрып бидай ұны және жасыл жасымық ұндары қоспасынан бөлке өнімін дайындау технологиясы сипатталған. Дайын өнімнің органолептикалық және физико-химиялық сапалық көрсеткіштері зерттелді.Алынған өнім ылғалдылығы – 40,1%, қышқылдылығы – 2,6 град., кеуектілігі – 76,8% болды, яғни15% жасымық ұны қосылған бөлке ҚР СТ 990-96 стандарт талаптарына сай көрсеткіштер көрсетті: формалық қасиеттерін жойған жоқ, сыртқы түрі сопақша, жайылмаған өз пішіні сақталған. Жасалынған зерттеулер натижесінде бөлке өнімдерін әзірлегенде бидай ұнын 15% жасымық ұнымен алмастырып өнімдердің сапасын жақсарту үшін нан өндірісінде пайдалануға болады деп тұжырым жасалды және өндіріске ұсынылады.