DSpace Repository

Мүйізді ірі қараның инвазиялық жаппай көз аурулар кезіндегі қан құрамындағы морфологиялық өзгерістер

Show simple item record

dc.contributor.author Күнділда, Р. Ғ.
dc.contributor.author Днекешев, А. К.
dc.date.accessioned 2020-10-19T05:46:32Z
dc.date.available 2020-10-19T05:46:32Z
dc.date.issued 2019
dc.identifier.issn 2305-9397
dc.identifier.uri http://hdl.handle.net/123456789/1451
dc.description.abstract Мақалада мүйізді ірі қара малдын телязиоз ірінді қабыну түрінде өтетін көз ауру кезіндегі қанның кейбір морфологиялық көрсеткіштері мен лейкограммасына тигізетін әсері сипатталған. Бұл ауру мал шаруашылығына ауқымды үнемдік зиян келтіреді, ол мал өнімінің саны мен сапасының төменділігімен және сауықтыру мен сақтандыру шараларын жүргізуге жұмсалатын қаржылық шығындарымен анықталады. Қан құрамындағы гемоглобин мөлшерін гемоглобин цианидті әдіспен, эритроциттер мен лейкоциттер санын Горяев камерасында санадық, лейкограммасын Романовский-Гимза бойынша боялған қан жағындысынан 100 дана лейкоцитті бөліп алу арқылы шығардық. Гемоглобиннің қан құрамындағы мөлшерінің зерттеудің түрлі мезгілінде әртүрлі көрсеткіш беруі отаның күйзелткіш әсерінің, соған қоса көз қабынудың үрдісінің дамуының жануар ағзасына тигізетін әсеріне тікелей байланысты. Мүйізді ірі қара малдын қан ұраындағы эритроциттер мөлшерінің де өзгергені байқалады. Бес тәуліктен соң бұл көрсеткішті бастапқы мәліметпен салыстыратын болсақ, ол 16,38% жоғары көтерілді. Содан кейінгі күндері қан құрамындағы эритроциттердің мөлшері біртіндеп жоғарылап, 10-ші тәулікте 4,45% көтерілді, ал 15 тәуліктегі алдыңғы өлшеу көрсеткіштен 4,26% жоғары көтерілді. 20 тәуліктегі алдыңғы көрсеткіштен 6,94% жоғары болды. Зерттеудің кейінгі күндерінде тәжірибелік мүйізді ірі қара малдың қан құрамында анық білінетін лейкоцитоз (нейтрофилия) байқалады. 10-ші тәулікте лейкоциттердің қан құрамындағы мөлшері бастапқы өлшеумен салыстырғанда 25,22%, жоғары, ал 15 тәуліктегі өлшеммен салыстырғанда 6,13% жоғары болады. 20 тәулікте лейкоциттердің бастапқы өлшеумен салыстырғанда 25,31% артық болды. Іріңді қабыну үрдістері кезіндегі жануарлар ағзасының лейкоцитарлық жүйесі ағзадағы кез келген өзгерістерге тез жауап беріп отырады, бұл реакциялар гемопоэз мүшелерінің қызметінің кенеттен өзгеруімен байланысты болып келеді. Көздін іріңді қабыну әсерін зерттеу арқылы лейкограмма компоненттерінің келесідей өзгерістері анықталды: эозинофилдер алғашқы тәулікте 48,4% артты, таяқша ядролы нейтрофилдер 76,7%, сегментті ядролы нейтрофилдер 42,4% , жас нейтрофилдер 41,7%, моноциттер 61,3% және лимфоциттер 49,2% азайды. ru
dc.language.iso other ru
dc.publisher Ғылым және білім №4 ru
dc.subject отандық басылым ru
dc.subject ғылыми журнал ru
dc.subject мерзімдік басылым ru
dc.subject журнал кксон ru
dc.subject телязиоз ru
dc.subject лейкомия ru
dc.subject қан ауруы ru
dc.subject мүйізі ірі қара мал ru
dc.title Мүйізді ірі қараның инвазиялық жаппай көз аурулар кезіндегі қан құрамындағы морфологиялық өзгерістер ru
dc.type Article ru


Files in this item

This item appears in the following Collection(s)

Show simple item record

Search DSpace


Browse

My Account