Abstract:
Мақалада өсіріліп ұсақталған тритикале дәндері қосылған йогурттың технологиясының зерттеулері қарастырылған. Жаңа функционалды өнімде өсімдік компоненттерінің оптималды мөлшері, органолептикалық көрсеткіштері және сақталуы қарастырылған. Тәжірибе үлгілерінің келесі композициялары: бақылау – қоспасыз, 1,5%, 2% және 5% өсіріліп ұсақталған тритикале дәндері қосылған таңдалды. Баллдық бағалау бойынша ең жоғары балл мен құрамында 1,5% және 2% өсірілген тритикале дәнінің қоспасы бар йогурт бағаланды. Рецептураға ұсақталған өсірілген тритикале дәндерін енгізу өнімдер ассортименттерін, басекеге қабілеттілігін кеңейтеді, тағамдық және биологиялық қасиетін жоғарлатады, сақталуын көбейтеді, органолептикалық, физика- Алматы технологиялық университетінің хабаршысы. 2019. №4. 20 химиялық, функционалды – технологиялық қасиеттерін жақсартады және өнім өндірісінің технологиялық үрдісін өзгертуді талап етпейді.