Abstract:
Ішек инфекциясы қоздырушысының таралу деңгейін анықтау мақсатында Алматы және Жамбыл облыстары шаруашылықтарында 430-дан астам мал басы (110 ірі қара мал, 120 қой, 50 шошқа, 50 жылқы, 100 үй құсы) тексерілді. Ішек патогендері құралдардың, жұмысшылар қолының және азық шайындыларынан анықталды. Тағамдық өнімдерде және жұмысшылар қолынан ішек патогенін табу – нысандардағыдай, мал шаруашылығы кешендерінде-өнім жеткізушіге қоздырушының берілу жолдары қиылысуы бойынша кешенді шараларды мақсатты бағыттау және ұйым үшін тікелей көрсеткіш.